«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы “Кәсіби бағдар беру күні” аясында «Менің болашағым – менің таңдауым» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру тренингі өткізілді
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру болды.
Сабақ барысында мамандық таңдаудағы негізгі факторлар, еңбек нарығындағы өзекті бағыттар кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, түрлі пікірлермен бөлісті.
Сонымен қатар оқушылар арасында мамандық таныстыру топтық жұмыстары және сауалнамалық тест алынды. Оқушылар өз жоспарларын саралап, болашаққа деген көзқарастарын айқындады.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар бүгінгі кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі мамандық таңдауда ойланып, нақты мақсат қоюдың маңыздылығын түсінгендерін атап өтті
Бұл сабақ оқушыларға өз болашағына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс таңдау жасауға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік берді. Кәсіби бағдар беруші педагог: Садуова А.Т. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortaly
KZ
