22 сәуір күні мектепте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны аясында 5–11 сынып оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік лабораториясы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараны информатика пәні мұғалімдері ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ киберқылмыстың алдын алу болды.
Шара барысында оқушылар бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасады:
– интернеттегі қауіп-қатерлер (фишинг, кибербуллинг, зиянды бағдарламалар) туралы ақпарат алды;
– жеке деректерді қорғау, құпиясөзді дұрыс құру және сақтау жолдарымен танысты;
– әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша практикалық тапсырмалар орындады;
– түрлі жағдайлық тапсырмалар (кейс) арқылы күмәнді сілтемелер мен жалған ақпаратты ажыратуды үйренді.
Сабақ интерактивті форматта өтіп, оқушылар топтық жұмыстарға белсенді қатысты, пікір алмасты, өз ойларын еркін жеткізді. Әсіресе, жоғары сынып оқушылары киберқауіпсіздікке қатысты нақты мысалдар келтіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара қорытындысында оқушыларға қауіпсіз интернет қолдану бойынша жадынамалар
KZ
