Skip to content

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны…

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны аясында мектепте оқушылардың құқықтық білімін арттыру, жанжалдардың алдын алу және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру мақсатында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған бағытта мектептің уәкілі мен мектеп Парламентінің мүшелері бірлесіп, 5-сынып оқушылары арасында «Жас медиаторлар мектебі – татуласу және бейбіт келісім алаңы» атты тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға медиация ұғымын түсіндіру, дау-дамайларды күш қолданбай шешудің тиімді жолдарын үйрету, сондай-ақ балалар арасында достық қарым-қатынас пен өзара құрметті нығайту болды.
Іс-шара барысында:
оқушыларға «медиация», «келісім», «татуласу» ұғымдары түсіндірілді;
күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қарапайым жанжалдық жағдайлар мысал ретінде қарастырылды;
рөлдік ойындар арқылы оқушылар өздерін медиатор ретінде сынап көрді;
«тыңдай білу», «өз ойын дұрыс жеткізу», «басқаның пікірін құрметтеу» дағдылары қалыптастырылды.
Тренинг интерактивті форматта өтті. Оқушылар белсенді қатысып, түрлі тапсырмалар мен ситуациялық ойындарға қызығушылықпен араласты. Әсіресе «Келісімге келу» және «Екі жақты тыңдау» ж