Skip to content

20 сәуір күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет»…

20 сәуір күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны аясында 5-11 сыныптарында «Құқықтық мәдениет – саналы азаматтың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін күшейту, сондай-ақ саналы азаматтық ұстанымды дамыту болды.
Сабақ барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
• мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау талаптары;
• оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
• мектеп ішіндегі және сыртқы ортадағы қауіпсіздік ережелері;
• құқықбұзушылықтың түрлері және олардың салдары;
• тыйым салынған заттарды мектепке әкелуге жол бермеу;
• жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу;
• заң алдындағы жауапкершілік.
Сынып жетекшілер тарапынан түсіндіру, пікір алмасу, нақты өмірлік мысалдар келтіру әдістері қолданылды. Кейбір сыныптарда бейнематериалдар мен презентациялар көрсетілді.
Оқушыларға құқықтық мәдениет тек ережелер жиынтығы емес, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі екені түсіндірілді. Оқ�