10 сәуір күні мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және 12 сәуір – Ғылым және Ғарышкерлер күні аясында мазмұнды әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Экология және ғарыш әлемі» тақырыбында экожобалар байқауы мен «Экология және Заң» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Экожобалар байқауының негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ғылым мен ғарыш саласына қызығушылығын арттыру. Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, табиғатты қорғау мен ғарыш кеңістігін зерттеу тақырыптарын ұштастырған ерекше жобалар ұсынды.
Оқушылар экожобаларды әртүрлі қайта өңделетін және табиғи материалдардан дайындады. Атап айтқанда:
пластик бөтелкелер мен қақпақтардан макеттер,
картон, қағаз, газет-журнал қиындыларынан композициялар,
ағаш, бұтақ, жапырақ сияқты табиғи материалдардан бұйымдар,
тұрмыстық қалдықтардан (қораптар, дискілер, маталар) жасалған ғарыштық станциялар мен зымыран үлгілері ұсынылды.
Бұл жұмыстар оқушылардың экологиялық ойлауын дамытып, қалдықтарды тиімді пайдалануға болатынын көрсетті.
Ал «Экология және Заң» тақырыбындағы сынып сағаттары әртүрлі форматта өтті: пікірталас, экоквест, сурет салу, коллаж жасау, сынып бөлмелерде гүлдерді отырғызу, және күтіп-баптау жұмыстары, презентация, бейнеролик көру және талқылау. Оқушылар экологиялық құқықбұзушылықтар, табиғатты қорғау заңдары, әр азаматтың экология алдындағы жауапкершілігі туралы өз ойларын білдіріп, нақты мысалдар келтірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша байқауға белсенді қатысқан оқушылар арнайы марапаттарға ие болады.
Бұл іс-шаралар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылымға, табиғатқа және болашаққа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
