«Құстар – біздің досымыз» акциясы
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Қамқор” жобасы аясында мектепте табиғатты қорғауға бағытталған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік маңызы зор акция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыру, құстарға қамқорлық көрсетуге баулу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында мектеп парламенті және оқушылар белсенділік танытып, өз қолдарымен түрлі үлгідегі әсем құстар ұяларын жасады. Әрбір ұя ерекше дизайнмен безендіріліп, оқушылардың шығармашылығы мен еңбекқорлығы айқын көрінді. Дайын болған құс үйлері мектеп ауласындағы ағаштарға орнатылды.
Сонымен қатар, оқушылар құстарға арнап жем салып, оларды үнемі қоректендіріп тұрудың маңыздылығы туралы түсінік алды. Бұл игі іс балалардың бойында мейірімділік, жауапкершілік және табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен әсер етті.
Акция барысында оқушылар тек еңбек етіп қана қоймай, құстардың табиғаттағы рөлі, олардың адам өміріндегі маңызы туралы да мәліметтермен танысты. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз екені тағы бір мәрте дәлелденді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
