Skip to content

3 сәуір күні Ұлттық күні аясында мектепте үзіліс кезінде оқушылар…

3 сәуір күні Ұлттық күні аясында мектепте үзіліс кезінде оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «ләңгі тебу» ойыны ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілік пен шапшаңдыққа баулу, сондай-ақ ата-бабамыздан келе жатқан мәдени мұраны дәріптеу болып табылады.
Іс-шараға әр сыныптан белсенді оқушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар ләңгі тебу барысында тепе-теңдікті сақтау, дәлдік және төзімділік сияқты қасиеттерін көрсете білді. Ойын тартысты әрі қызықты өтіп, оқушылардың көтеріңкі көңіл күйін қалыптастырды.
Осындай ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақтың бойына патриоттық рух, ұлттық сана және рухани құндылықтар дарытылуда.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері