Наурыз мерекесі – менің ең жақсы көретін мерекем. Биылғы Наурыздағы демалысым өте қызықты өтті. Біз отбасымызбен бірге мерекені қуанышпен қарсы алдық.
Таңертең анам дәмді наурыз көже пісірді. Үйімізге қонақтар келді. Біз үлкендерге сәлем беріп, ақ тілектерін алдық. Мен достарыммен далада ойнап, алтыбақан тептік. Ауа райы да жылы болып, көңіліміз көтеріңкі болды.
Наурыз күні біз ұлттық ойындар ойнадық. Мен асық ойнадым және жарысқа қатыстым. Барлығымыз күліп, көңілді уақыт өткіздік.
Бұл демалыс маған өте ұнады. Мен Наурыз мерекесін әрқашан асыға күтемін, өйткені ол мейірімділік пен қуаныш сыйлайды.
3”В” сынып оқушысы – Оралбекова Адия
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
