Ағымдағы жылдың 17.02 – 17.03 наурыз аралығында “ҚР Оқу ағарту министрлігі” жанында “Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы“ РМҚК ұйымдастыруымен жалпы орта, қосымша, арнайы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Республикалық “Әлемнің жарығы” жас вокалистер байқауы болып өтті. Атаулы байқауға Астана қаласы әкімдігінің “#109 жалпы орта білім беру мектебінің 5 “Г” сынып оқушысы Дощанова Мадина “АНА” әнімен қатысып жүлделі “1 орынға” ие болып дипломмен марапатталды. Осыған орай мектеп директоры Жанар Закарьяновна талант иелерін шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жетекшісі, музыка пән мұғалімі Ганибал Клара. Жарайсыздар!Мектебіміздің абыройын асқақтатып, биік шыңдардан көріне берсін деп тілек білдіреміз!💫🎤👏🏻🌺
KZ



