📚 “Келешек бастауышы – SMART білімнің жаңа кеңістігі” атты бастауыш сыныптар онкүндігінің жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Онкүндік барысында мұғалімдер түрлі ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, білімдерін шыңдап, әртүрлі сайыстар мен байқауларға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Жабылу рәсімінде онкүндік қорытындыланып, үздік өнер көрсеткен оқушылар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Бұл шара білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және заманауи SMART білім беру мүмкіндіктерін тиімді қолдануға үлкен үлес қосты.
✨ Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз! ✨
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
