2026–2027 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар!
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Астана қаласы әкімдігінің «№109 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау басталады. ,.
📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 сәуір – 31 тамыз 2026 ж.
Кім өтініш бере алады?
Білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.
💻 Өтініш беру екі тәсіл арқылы жүзеге асырылады:
• Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметтің веб- порталы арқылы беріледі (www.egov.kz).
• Қағаз түрінде
📄 Қажетті құжаттар:
* Ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші
* №052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты(2025 жылдан бастап нысан egov порталында электрондық форматқа ауыстырылды);
* №065/у нысаны бойынша профилактикалық егу картасы
* Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті – 2 дана
*Психологиялық медициналық педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы (бар болса).
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
📞 Анықтама телефоны: +7 (7172) 57-07-37
📍 Мектеп мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 915, 14 ғимарат
Мектеп әкімшілігі
KZ

