Мектебімізде оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 6–11 сынып оқушыларына арналған кино көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға 12 жастан жоғары оқушылар да белсенді қатысты.
Кино көрсетілім барысында оқушылар бірнеше мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор фильмдерді тамашалады. Көрсетілген «Капитан Байтасов» фильмі ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін паш етеді. Фильмде ел тыныштығын қорғау жолында жан аямай қызмет еткен батырдың ерлігі көрсетіліп, оқушыларға нағыз батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі ұсынылды. Көрсетілімнен кейін оқушылар фильмдер туралы өз пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік, жауапкершілік және мәдени құндылықтарға құрмет сияқты қасиеттерді қалыптастыруға зор ықпал етеді.
📸 Кино көрсетілімінен бірнеше сәттер назарларыңызға ұсынылады
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
