Skip to content

Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына…

Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу
 
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясында сөз сөйледі.

Сессия қатысушыларына жасалған негізгі үндеудің өзегі есірткі қатеріне қарсы күресте жоғары технологиялық әдістерге көшу болды. Бұл бағыттағы бірегей үйлестіру жүйесі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмыстың қаржылық инфрақұрылымын жоюға шоғырлануға мүмкіндік берді.

Мұндай қарсы іс-қимыл халықаралық сипатқа ие болды, өйткені қазақстандық тараптың сұрауы бойынша шетелдік банктердегі 260 мың күмәнді шотқа шектеу қойылды.

Соңғы бес жылда уәкілетті органдар 400-ден астам есірткі зертханасын жойып, 75 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 147 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде көлемі 13 тоннадан асатын рекордтық кокаин партиясы бар