BIS жобасы аясында Астана қаласы №109 орта мектебінің 7 «Ә» сынып оқушылары өздерінің тәлімгерлік ететін 3 «Г» сынып оқушыларына арнайы барып, көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – 8 наурыз 《Халықаралық әйелдер күнімен》 құттықтады.
Бұл күн – аналарға, әжелерге, ұстаздарға және барлық қыз-келіншектерге деген құрмет пен алғыс білдіретін ерекше мереке. Осы орайда 7 «Ә» сынып оқушылары кішкентай достарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Оқушылар аналарын, ұстаздарын және барлық аруларды құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт, шаттық пен табыс тіледі. Сонымен қатар кішкентай сыныптастарына аналарын әрқашан құрметтеп, олардың еңбегін бағалауды айтты.
Мерекелік кездесу барысында жылы сөздер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Бұл кездесу үлкен мен кішінің арасындағы сыйластықты арттырып, мейірім мен қамқорлықтың маңызын тағы бір рет көрсетті.
7 «Ә» сынып оқушылары барлық аналарды, ұстаздарды және аруларды 《8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен》 шын жүректен құттықтайды.
Баршаңызға көктемдей шуақты көңіл-күй, зор денсаулық және шексіз бақыт тілейміз.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
