Skip to content

4- наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің №109 жалпы орта білім…

4- наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің №109 жалпы орта білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті!

Семинар тақырыбы: «Заманауи зертханалық жиынтықтар мен STEAM ықпалдастығы». Бұл шара білім беру саласындағы соңғы трендтер мен практикалық тәжірибені ұштастырды. Негізгі мақсат: Заманауи зертханалық құрал-жабдықтар мен STEAM бағытындағы оқыту тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдарын көрсету, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және оқу процесінде инновациялық әдістерді қолдануды жетілдіру.

Бұл күн ғылым мен шығармашылықтың нағыз тоғысқан нүктесіне айналды. Семинар аясында біздің мектебіміздің оқушылары заманауи зертханалық жиынтықтарды пайдалана отырып, өздерінің алғашқы ғылыми жобаларын таныстырды. Кішкентай зерттеушілердің ізденісі көпшілікті таңғалдырды!

Семинардың ерекшеліктері: Семинарға
Республиканың өңірлерінен Абай,Жетісу,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл обылысынан ұстаздар қатысты.
Кіріктірілген сабақтар: STEAM тәсілінің нағыз үлгісі көрсетілді. Ашық сабақтар тек бастауыш сынып шеңберінде емес, химия, биология, физика, музыка және көркем еңбек пәндерімен ұштасып, пәнаралық байланыстың жоғары деңгейін көрсетті.

Тәжірибелік шебер сыныптар: Қатысушылар тек бақылап қана қоймай, бастауыш сынып оқушыларына арналған сәтті тәжірибелерді өз қолдарымен жасап көрді.
Инновациялық құралдар: Қатысушылар тек бақылаушы емес, өз қолдарымен тәжірибе жасап, зертханалық құралдардың тиімділігін сынап көрді. Заманауи зертханалық жиынтықтардың сабақ тиімділігін арттырудағы рөлі іс жүзінде дәлелденді.
Бұл семинар мұғалімдер үшін тәжірибе алмасудың таптырмас алаңына айналды. Заманауи құралдармен жабдықталған сабақтар оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятары сөзсіз. Бүгінгі бастауыш сынып оқушысы – ертеңгі үлкен жаңалықтардың авторы!
Шараға қатысқан әріптестеріміз бен қонақтар жаңа форматтағы сабақтардан үлкен әсер алып тарасты.Алда әлі жаңа белестерді бірге бағындыратын күндеріміз көп болады деп сенеміз!