“BIS» жобасы аясында 5 «В» және 9 «Б» сынып оқушылары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында мектептің ұстаздарын ерекше ықыласпен құттықтады.
Оқушылар ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік ашық хаттар табыс етті. Сондай-ақ олар ұстаздардың еңбегіне алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Бұл сәт мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздарға деген құрметті арттыру, олардың еңбегін бағалау және оқушылардың ізгілік, сыйластық қасиеттерін дамыту болды. Оқушылардың шынайы ықыласы мен жылы сөздері ұстаздардың көңілін көтеріп, мереке қарсаңындағы ерекше әсерлі сәттердің біріне айналды.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
