Skip to content

26 ақпан күні №109 ЖОББ мектептің мектеп Парламенті Алғыс күніне…

26 ақпан күні №109 ЖОББ мектептің мектеп Парламенті Алғыс күніне орай «Бір игі іс – жануарларға қамқорлық» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Астана қаласындағы «Я живой» атты жануарлар панажайына барды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, жануарларға деген қамқорлық мәдениетін арттыру және қоғамда ізгілік құндылықтарын дәріптеу.
Акция барысында оқушылар мен ұстаздар тарапынан үй жануарларына арналған азық-түлік, күтім құралдары және қажетті жабдықтар жиналды. Жиналған көмектер қаладағы жануарларды қорғау ұйымдарына табысталды. Шараға мектеп парламенті мүшелері, еріктілер тобы және сынып жетекшілер белсенді қатысып, оқушыларды қайырымдылық жасауға үндейді. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері