Skip to content

«Алғысымыз шексіз сіздерге» тақырыбында мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен тағылымы мол акция…

«Алғысымыз шексіз сіздерге» тақырыбында мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен тағылымы мол акция өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымы қызметкерлеріне, ардагер ұстаздарға, техникалық персоналға және мектеп өміріне үлес қосып жүрген барша жандарға алғыс білдіру, оқушылардың бойында құрмет пен ризашылық сезімін қалыптастыру.
Акция барысында мектеп Парламентінің мүшелері арнайы алғыс хаттар әзірлеп, жүрек жарды тілектерін жолдайды. Оқушылар ұстаздарына, кітапханашыға, медицина қызметкеріне, асхана және техникалық қызметкерлерге алғыс айтып, олардың еңбегін жоғары бағалайтындықтарын білдірді. Сонымен қатар, тағы мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады:
«Алғыс тақтасы – ризашылық символы»
Формат: арт-инсталляция
Мектеп фойесінде алғыс тақтасы орнатылады. Оқушылар тақтадағы жүрекшелерге алғыссөздерін жазады.
Соңында:�«Ең жүрекжарды алғыс»�«Ең әсерлі тілек»�«Ең ерекше сөз» номинациялары анықталады.
«Алғыс студиясы»
Формат: медиа-жоба
Парламент шағын «алғыс студиясын» ұйымдастырады.
Оқушылар микрофонға:
– «Мен … …. алғыс айтамын, себебі…» деп 30 секундтық видеолар жазады.
Соңында «Мектепке алғыс» атты біріккен ролик жасалады.
«Жылы хат» дәстүрін жаңғырту
Әр оқушы конвертке қолмен жазылған алғыс хатын салады.�Парламент мүшелері арнайы «Пошта жәшігін» ұйымдастырады.�Соңында хаттар иелеріне табысталады.
«Алғысымыз шексіз сіздерге» акциясы – мейірім мен ризашылыққа толы, жүректерді жақындатқан тәрбиелік мәні зор шара болады.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері