Skip to content

Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға арналған қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»…

Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға арналған қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған «Үздік вожатый – 2026» қалалық байқауы өз мәресіне жетті. Бұл додада мектебіміздің вожатыйы Ахметова Аяжан Ғазизқызы бағын сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🥉Бұл көрсеткішті ерекше атап өту өте маңызды, себебі 120 мектептің арасынан үздік шығу — үлкен жетістік.
Байқау барысында қатысушы өз шеберлігін екі кезеңде дәлелдеді:
✅ 1-кезеңде өзінің кәсіби ұстанымы мен айтулы жетістіктері жинақталған портфолиосын жоғары деңгейде таныстырды.
✅ 2-кезеңде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор жүрек» атты авторлық жобасын қорғап шықты.
Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге және олардың қоғамға бейімделуіне көмектесуге бағытталған. Жобаның басты ерекшелігі — заманауи технология мен мейірімділікті ұштастырған Ai Dos Bot цифрлық көмекшісі. Оның көмегімен балаларға шынайы дос болатын қауіпсіз әрі дамытушы орта қалыптастыру көзделген.
«Әр бала бақытты болуға лайықты» деген ұстанымды ту еткен вожатыйымыздың бұл жеңісі — қажырлы еңбек пен шәкірттеріне деген шексіз махаббатының жемісі. 🚀
Жеңіс құтты болсын! Алда бұдан да биік белестер мен жаңа белестер күтіп тұр! ✨

Мейірімділік — әлсіздік емес, жүректің кеңдігі! ❤️

@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
#ҮздікВожатый2026