Skip to content

3 марта уполномоченный по правам ребёнка г. Астаны Асима Темкеновна…

3 марта уполномоченный по правам ребёнка г. Астаны Асима Темкеновна Бимендина провела встречу с педагогическим коллективом и администрацией средней общеобразовательной школы №109.
В ходе встречи были обсуждены актуальные вопросы защиты прав детей, обеспечения безопасной образовательной среды, профилактики правонарушений среди несовершеннолетних и повышения роли школы в формировании ответственного и законопослушного поведения обучающихся.
Также в рамках беседы особое внимание было уделено работе с родителями. Асима Темкеновна подчеркнула важность тесного взаимодействия семьи и школы, необходимости системной профилактической работы, повышения родительской ответственности и правовой грамотности.
Были даны рекомендации по выстраиванию доверительного диалога с родителями, своевременному выявлению проблемных ситуаций и совместному поиску решений в интересах ребёнка.
Педагоги получили возможность задать интересующие вопросы и обменяться мнениями по ключевым направлениям воспитательной работы. Встреча прошла в формате открытого диалога и профессионального обмена мнениями.

3 наурыз күні Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Асима Темкеновна Бимендина №109 жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен және әкімшілігімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың жауапты әрі заңға құрметпен қарайтын мінез-құлқын қалыптастырудағы мектептің рөлі мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ әңгіме аясында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Асима Темкеновна отбасы мен мектеп арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын, жүйелі профилактикалық жұмыстың қажеттілігін, ата-аналардың жауапкершілігі мен құқықтық сауаттылығын арттырудың өзектілігін атап өтті.
Ата-аналармен сенімді диалог орнату, проблемалық жағдайларды дер кезінде анықтау және баланың мүддесі үшін бірлесіп шешім қабылдау бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты. Кездесу ашық диалог және кәсіби тәжірибе алмасу форматында өтті.