4 наурыз күні М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы қабырғасында мектеп Парламенті Президенттеріне арналған ерекше мәдени-танымдық іс-шара — «Көктем симфониясы» балы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған балға Астана қаласы мектептерінің Парламент Президенттері жиналып, көшбасшылық, эстетика және мәдени қарым-қатынас құндылықтарын дәріптейтін әсерлі кештің куәсі болды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, белсенді азаматтық ұстанымды қолдау және мектеп көшбасшыларына шығармашылық орта қалыптастыру.
Бал бағдарламасы мазмұнды әрі үйлесімді құрылып, классикалық әуендермен көмкерілген би көріністері, сахналық мәдениет элементтері және көктемнің нәзік символикасымен ерекшеленді. Әрбір қатысушы өз мектебінің намысын лайықты қорғап, мәдениеттілік пен көшбасшылықтың жарқын үлгісін көрсете білді.
Іс-шараға 109 ЖОББ мектептің Парламент Президенті Нуриден Мансур арнайы қатысып, мектеп Парламенті Президенттеріне сәттілік тілеп, жастардың қоғамдық белсенділігі мен бастамашылдығы — ел болашағының кепілі екенін атап өтті.
«Көктем симфониясы» балы — тек салтанатты кеш қана емес, жас көшбасшылардың өзара тәжірибе алмасуына, достық байланыс орнатуына және рухани дамуына жол ашқан тағылымды алаң болды. Осындай мазмұнды іс-шаралар мектеп Парламентінің рөлін арттырып, оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға зор үлес қосады.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ





