Skip to content

🧠 «SMART SPACE: Білім миссиясы» интеллектуалды ойыны «Келешек» бастауышы –…

🧠 «SMART SPACE: Білім миссиясы» интеллектуалды ойыны

«Келешек» бастауышы – SMART білімнің жаңа кеңістігі тақырыбындағы бастауыш онкүндігі аясында 2-сынып оқушылары арасында «SMART SPACE: Білім миссиясы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

🔹 Мақсаты:
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету. Сонымен қатар, түрлі пәндер бойынша білімдерін шыңдау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Ойын барысында оқушылар математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану және дүниетану пәндері бойынша білімдерін сынап, логикалық тапсырмаларды орындап, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 1орынды – 2”Ә”сыныбы- “Креатив” тобы, 2орынды 2 “Л” сыныбы – “Комета” тобы, 3орынды 2 “А” сыныбы – “Болашақ” тобы иеленді.

Қатысушылар білімге деген қызығушылықтарын танытып, ұйымшылдық пен жылдам ойлау қабілеттерін көрсете білді.

✨ Осындай танымдық ойындар оқушылардың білімге құштарлығын арттырып, ой-өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.

👏 Қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!

#SMARTSPACE #БілімМиссиясы #БастауышОнкүндігі
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана 109келешекмектебі келешекмектептері