6 сәуір күні мектепте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында интернет-алаяқтықтың, оның ішінде дропперлік әрекеттердің алдын алу мақсатында 8–11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Жеңіл ақшаның салдары ауыр» тақырыбындағы қысқаметражды фильм көрсетіліп, оқушыларға қаржылық алаяқтықтың қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді.
Фильм мазмұнында интернет арқылы тез әрі оңай ақша табуды ұсынатын күмәнді ұсыныстардың шынайы салдары, заң алдындағы жауапкершілік және мұндай әрекеттердің жеке өмірге тигізетін кері әсері нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Әсіресе, дропперлік қызметтің мәні, яғни өз банк картасын немесе жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру арқылы заңсыз қаржы айналымына қатысу қаупі ерекше атап өтілді.
Көрсетілімнен кейін сынып жетекшілері оқушылармен талқылау жұмыстарын жүргізіп, келесі маңызды сұрақтар төңірегінде пікір алмасты:
– «Жеңіл ақша» деген ұғым нені білдіреді?
– Интернеттегі алаяқтық белгілерін қалай ажыратуға болады?
– Дроппер болудың қандай құқықтық салдары бар?
– Осындай жағдайға тап болғанда кімге жүгіну қажет?
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік мысалдар келтіріп, мәселенің маңыздылығын түсінгенде
KZ
