6 наурыз күні мектепте көктемнің шуақты мерекесіне орай ерекше жылы атмосферада іс-шаралар ұйымдастырылды. Таңертең мектеп табалдырығын аттаған ұстаздар мен қызметкерлерді мектеп Парламентінің мүшелері және ер мұғалімдер гүл шоқтарымен қарсы алып, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Бұл сәт мектеп ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұстаздар мен аруларға деген ерекше құрметтің белгісіне айналды.
Сонымен қатар, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепте мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп Парламентінің мүшелерінің ұйымдастыруымен ерекше концерттік бағдарлама өткізілді. Концерт барысында оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап әсем әндер орындап, би билеп, жүрекке жылы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ мерекелік құттықтаулар айтылып, әйел-аналардың қоғамдағы орны мен еңбегіне ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында анаға, ұстаздарға және барлық аруларға деген сыйластық пен ризашылық сезімін қалыптастыру.
Мерекелік концерт мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көктемнің шуақты мерекесін әсерлі түрде атап өтуге мүмкіндік берді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
