5 наурыз күні мектепте «Анаға арнау» атты бірыңғай мерекелік челлендж ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, хор өнері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және эстетикалық тәрбие беру.
Челлендж барысында оқушылар аналарға арналған әсерлі әнді хормен орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Шараға барлығы 110 оқушы белсенді қатысып, аналарға деген шексіз алғыстары мен жылы лебіздерін жеткізді..
Анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік – ұлттық тәрбиенің, адамгершілік құндылықтардың өзегі. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқушылардың жүрегінде мейірімділік, қамқорлық және ата-анаға деген құрмет сезімі нығая түседі.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
