Skip to content

4 мамыр күні №109 жалпы орта білім беретін мектебінде 8–11…

4 мамыр күні №109 жалпы орта білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушыларының арасында учаскелік полиция инспекторы К. Жанахметовтың ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік сағаты» өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болды. Полиция қызметкері оқушыларға күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіп-қатер жағдайлары және олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сағат барысында төмендегідей маңызды мәселелер қарастырылды:
• көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері;
• бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары;
• құқықбұзушылықтың алдын алу және оның салдары;
• төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі;
• сенім телефондары мен жедел қызмет нөмірлерін дұрыс пайдалану.
Сонымен қатар Қ.Жанахметов нақты өмірлік мысалдар келтіріп, оқушыларға өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толық жауап алды.
Іс-шара соңында «Қауіпсіздік – әр азаматтың басты міндеті» деген қорытынды жасалып, оқушыларға өмірде қауіпсіздік ережелерін әрдайым сақтау қажеттігі ескертілді. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері