Skip to content

30 наурыз күні мектепте 7–11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын…

30 наурыз күні мектепте 7–11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында полиция инспекторы капитан полиции Асемкулова Диана Мураткызы қатысуымен қауіпсіздік сағаты өткізілді.
Кездесу барысында инспектор оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары кеңінен айтылды.
Іс-шара барысында нақты өмірден алынған мысалдар келтіріліп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Қауіпсіздік сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және қоғамдағы жауапкершілігін күшейту.

30 марта в школе для учащихся 7–11 классов была проведен безопасностьный час с участием инспектора капитан полиции Асемкулова Диана Мураткызы с целью профилактики правонарушений и формирования культуры безопасности.
Во время встречи инспектор рассказал учащимся о правилах поведения �