3 «В» сыныбында көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Сынып іші ұлттық нақышта безендіріліп, оқушылар қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін көріністер көрсетті. Балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, наурыз көже туралы мағлұмат берді.
Мерекелік шара барысында оқушылар түрлі ойындар ойнап, мақал-мәтелдер айтып, бір-біріне жақсы тілектер арнады. Әсіресе, «Арқан тарту», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру болды. Мереке соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқап, Наурыздың берекесі мен бірлігін сезінді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
