29 мамыр күні мектепте №6 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде 5–8 және 10-сынып оқушыларының білім сапасының қорытындылары қаралып, оқу жетістіктері мен білім сапасының көрсеткіштері сараланды.
Тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы шығарылып, оқу жылы бойы атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мен тиімділігі бағаланды.
Кеңес барысында педагогикалық қызметте жоғары кәсіби шеберлік танытып, 2025–2026 оқу жылында мектептің ішкі бағалау (KPI) критерийлері бойынша үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар марапатталды.
Педагогикалық ұжымның бірлескен еңбегі мен жетістіктері талданып, алдағы оқу жылына жаңа міндеттер мен мақсаттар айқындалды. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
