27 ақпан күні мектепте ата-аналар үшін Ашық есік күні өтті.
08:00–12:25 аралығында ата-аналар өз балаларының онлайн-сабақтарына қатысып, оқу-тәрбие процесімен жақын танысты.
12:30–13:25 уақыт аралығында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері 3-қабаттағы коворкинг орталығында ата-аналармен кездесіп, сұрақтарға жауап беріп, әр сынып деңгейіне арналған ақпараттық сағаттар өткізді:
• 1–4 сынып – Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау
• 5–9 сынып – Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі: сенім және жеке шекараға құрмет
• 10–11 сынып – Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі
Сонымен қатар Педагогикалық-психологиялық қолдау қызметі аясында педагог-психолог пен әлеуметтік педагог ата-аналармен жеке және топтық кеңестер өткізіп, бала тәрбиесі, қауіпсіздігі, эмоционалдық жағдайы мен әлеуметтік бейімделуіне қатысты маңызды ұсыныстар берді.
13:30–14:20 аралығында мәжіліс залында мектепішілік ата-аналар комитетінің бастамасымен және ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында мектептің белсенді ата-аналарына Алғыс хаттар табысталып, олардың мектеп өміріне қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Жылы атмосфера орнап, көрермендер көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Мерекелік концерт мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы берік байланысты нығайтып, бірлік пен татулықты арттыруға бағытталған тағылымды шара болды.
Біздің мақсатымыз – ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне бірге жауапкершілікпен қарау.
Сіздердің белсенді қатысуларыңыз – бала тәрбиесіндегі маңызды қадам!
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
