Skip to content

25 мамыр күні мектепте 1-11 сыныптарында «Заң мен тәртіп –…

25 мамыр күні мектепте 1-11 сыныптарында «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың Конституция туралы білімдерін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Сынып сағаты барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғам өміріндегі рөлі мен маңызы түсіндірілді. Білім алушылар заң мен тәртіптің қоғамдағы орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Адал азамат» қағидаттары негізінде әділетті қоғам құндылықтары талқыланды.
Іс-шара барысында жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Оқушылар жағдаяттық тапсырмалар орындап, құқықтық мәдениетке қатысты пікір алмасты, сұрақ-жауап және топтық талқылауларға белсенді қатысты. Сонымен бірге заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жауапкершілік пен адалдық қасиеттерінің маңыздылығы түсіндірілді.
Сынып сағатының қорытынды бөлімінде білім алушылар өздерінің азаматтық ұстанымдары мен өмірлік құндылықтары туралы рефлексия жасап, заңды сақтау – әр азаматтың міндеті екендігін атап өтті. Іс-шара тәрбиелік маңызы жоғары, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өткізілді. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері