23 ақпан күні мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында «Кітап бетбелгілері емес» қысқаметражды фильмі бойынша сыни ойлауды дамыту технологиясы элементтерімен талқылау форматында профилактикалық сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – фильмді талқылау арқылы жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын қалыптастыру.
Талқылауға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог және әлеуметтік педагог және 112 оқушы қатысты.
Сабақ «Вижу – Думаю – Делаю выводы» әдістемесі негізінде ұйымдастырылды. Көрсетілім және талқылау барысында оқушылар жасөспірімдерді құқықбұзушылық әрекеттерге тарту механизмдерін талдап, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысудың қауіптері мен салдарын қарастырды.
Құқықтық түсіндіру жұмысы барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары таныстырылып, соның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік) және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы (ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жауапкершілігі) түсіндірілді.
Сабақ қорытындысында оқушылар саналы таңдау жасаудың, ақпаратты сыни тұрғыдан талдаудың және заңсыз әрекеттерден бас тартудың маңыздылығы туралы тұжырым жасады. Іс-шара жоғары сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткіге қарсы тұрақты көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
