Skip to content

2026 жылғы 18 сәуір күні мектепте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық…

2026 жылғы 18 сәуір күні мектепте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және қалалық «Әке – үлгі, әке – өнеге» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Мақсаты:Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу, мектеп аумағын таза әрі көрікті ұстау, сондай-ақ әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Сенбілікке мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар, соның ішінде әкелер белсенді қатысты. Акция барысында мектеп аумағы мен айналасы тазартылып, қоқыстар жиналды, ағаш түптері қопсытылды, ағаш отырғызылды, гүлзарлар ретке келтіріліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
«Әке – үлгі, әке – өнеге» акциясы аясында әкелер қауымы балаларымен бірге еңбек етіп, үлгі көрсетті. Бұл шара отбасылық бірлікті нығайтуға және балалардың еңбекке деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Оқушылар мен ата-аналардың экологиялық жауапкершілігі артып, бірлескен еңбек арқылы жағымды атмосфера қалыптасты. «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Мектеп ұжымы мұндай экологиялық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері