Skip to content

20 сәуір күні мектепте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық…

20 сәуір күні мектепте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны аясында 8–10 сынып оқушылары Астана қаласы Есіл ауданы полиция бөлімі, Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкері Мухамедин Сырым Талгатовичтің қатысуымен «Қауіпсіздік сағаты» атты профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға:
– кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың түрлері мен жауапкершілігі;
– қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері;
– интернеттегі қауіпсіздік және кибербуллингтің алдын алу;
– төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға нақты өмірден алынған мысалдар келтіріліп, заң бұзудың салдары түсіндірілді. Кездесу барысында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды.
Қорытындылай келе, «Қауіпсіздік сағаты» оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, қауіпсіз орта құруда және құқық