20 мамыр күні мектебіміздің түлектерінің арасында «Ойлы түлек» челленджі өтті. Іс-шараға Тұран Астана және Қазақстан Ұлттық Спорт университеттерінің белсенді студенттері келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында студенттер мамандық таңдау, университеттегі өмір, белсенділік пен өзін-өзі дамыту туралы әсерлі әңгімелер айтып, түлектерге пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар, оқушылар да өз ойларын ашық айтып, қай оқу орнына түскісі келетінін бөлісті. Кейбірі болашақ мамандығына байланысты қорқыныштары мен күмәндерін айтып, студенттерден ақыл-кеңес сұрады. Қонақтар өз тәжірибелеріне сүйене отырып, қорқынышты жеңу, дұрыс шешім қабылдау және өзіне сенімді болу туралы мотивациялық кеңестерін айтты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — «Ойлы түлек» челленджі арқылы мектеп бітіруші жастардың тек оқу жылын қорытындылап қана қоймай, қоғамға пайдасын тигізетін азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
«Түлек кеңесі» бағыты аясында өткен бұл кездесу әр түлекке жаңа серпін, мотивация және болашаққа деген сенім сыйлады. Өткізген: Кәсіби бағдар беруші педагог: Садуова А.Т @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
