Skip to content

2 наурыз күні мектепте Заң мен тәртіп идеологиясын іске асыру…

2 наурыз күні мектепте Заң мен тәртіп идеологиясын іске асыру мақсатында 7–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық сағат өтті.
Іс-шараға учаскелік полиция қызметкері К.Б. Жанахметов қатысып, оқушылармен құқықтық мәдениет, заң талаптарын сақтау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құқықтық сағат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайлар бойынша пайдалы ақпарат алды. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері