Skip to content

2 наурыз күнә мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында Хулиганка қысқаметражды…

2 наурыз күнә мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында Хулиганка қысқаметражды фильмі негізінде мазмұнды киноталдау өткізілді. Фильм Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген. 205 оқушы қатысты.
Талқылау барысында буллинг, агрессия, психологиялық қысым мәселелері кеңінен қарастырылды. Оқушылар кейіпкерлердің әрекеттеріне сыни көзқарас білдіріп, мінез-құлықтың себептері мен салдарын талдады. Топтық жұмыс арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары ұсынылды.
Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аясындағы жауапкершілік мәселесіне назар аударылды.
Қауіпсіз, құрметке негізделген орта қалыптастыру – әрқайсымыздың саналы таңдауымыз бен жауапты әрекетімізге байланысты.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері