Skip to content

2 наурыз күнә мектепте 10ә сыныбында “Хулиганка” қысқаметражды фильмі негізінде…

2 наурыз күнә мектепте 10ә сыныбында “Хулиганка” қысқаметражды фильмі негізінде мазмұнды киноталдау өткізілді.
Талқылау барысында буллинг, агрессия, психологиялық қысым мәселелері кеңінен қарастырылды. Оқушылар кейіпкерлердің әрекеттеріне сыни көзқарас білдіріп, мінез-құлықтың себептері мен салдарын талдады
Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аясындағы жауапкершілік мәселесіне назар аударылды.
Қауіпсіз, құрметке негізделген орта қалыптастыру – әрқайсымыздың саналы таңдауымыз бен жауапты әрекетімізге байланысты.