Skip to content

18 мамыр күні Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы…

18 мамыр күні Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жоспары аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың салдары» тақырыбында жалпықалалық диктант өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды белсенді профилактикалық жұмысқа тарту, жастар арасында есірткіні тұтыну мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ психоактивті заттардың адам денсаулығына, өміріне және қоғамға тигізетін зияны туралы маңызды ақпаратты қатысушылардың жадында бекіту болды.
Диктант барысында оқушылар есірткінің зияны, оның құқықтық және әлеуметтік салдары туралы мәліметтермен танысып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында қатысушылармен ашық форматта талқылау ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Сонымен қатар, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырып, олардың саналы әрі қауіпсіз өмірлік ұстанымдарын нығайтуға бағытталған. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері