Skip to content

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай мектепте 0–4 сынып оқушылары…

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай мектепте 0–4 сынып оқушылары арасында Ашық есік күні өтті.
Әр сынып қазақ ауылының үлгісінде безендіріліп, өз атауларымен аталды. Оқушылар ата-аналарымен бірге қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырды.
Мереке барысында ән айтылып, би биленіп, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері көрсетілді. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.
Іс-шара соңында барлық сыныптар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
Шаңырақ күні «мектеп – оқушы – ата-ана» үштігінің ынтымақтастығы айқын көрініс тапты. Бұл мереке мектеп, оқушылар және ата-аналар арасындағы бірлік пен өзара түсіністіктің, қолдаудың жарқын үлгісі болды
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері