Skip to content

16 сәуір күні мектепте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық…

16 сәуір күні мектепте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық марафоны аясында 7–11 сынып оқушылары арасында «Мен заңгер болсам…» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.Байқауға 70 оқушы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, әділдік, жауапкершілік және азаматтық ұстанымдарын дамыту болды. Сонымен қатар, оқушыларды құқық саласына қызықтырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру көзделді.
Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, заңгер мамандығының қоғамдағы рөлі, әділ сот, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі туралы көзқарастарын білдірді. Кейбір оқушылар өздерін болашақ прокурор, адвокат немесе судья ретінде елестетіп, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту жолдары туралы тың идеялар ұсынды.
Жазба жұмыстары мазмұны, сауаттылығы, ой тереңдігі және шығармашылық тұрғыда бағаланды. Үздік жұмыстар анықталып, марапаттауға ұсынылды.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға бағыну және құқықтық жауапкершілікті сезінуіне оң әсерін тигізді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана