Skip to content

№109 жалпы орта білім беретін мектепте Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен…

№109 жалпы орта білім беретін мектепте Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында әзірленген «Тәртіпбек» профилактикалық бейнероликтері оқушыларға көрсетілді.

Көрсетілімнің мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Бейнероликтерді тамашалау барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы туралы мағлұмат алып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.