1 сәуір күні Астана қаласы “Психологиялық қолдау қызметі” КММ мамандары №109 мектептің педагог-психологы және әлеуметтік педагогымен бірге 8–11 сынып оқушыларына профилактикалық жұмыс жүргізді.
Мақсат – оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қауіп-қатерлерді алдын алу және мектептегі жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
Психологиялық қолдау қызметінің мамандары 8–11 сынып оқушыларына арнайы профилактикалық дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушыларға психологиялық тұрақтылықты сақтау, эмоциялық стресс пен конфликт жағдайларын басқару, сондай-ақ сыныптастық және әлеуметтік қатынастарды жақсарту бойынша маңызды кеңестер берілді.
Мамандар алдын алу жұмыстары аясында оқушыларға өмірлік қиындықтарға , күйзеліске ұшырағанда психологиялық қолдау қызметінің мамандарына хабарласуды атап өтті. Дәріс барысында оқушылар белсенді қатысты, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ







