Skip to content

1.Конституция жобасында Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет…

1.Конституция жобасында Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені айқын көрсетілген. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Әр азаматтың құқығы заңмен қорғалатыны нақты жазылған. Бұл қағидаттар қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтуға бағытталған.

2.Тәуелсіз еліміздің басты тірегі ретінде Конституция жобасында Қазақстанның унитарлы мемлекет екені бекітілген. Басқару нысаны президенттік республика болып табылатыны көрсетілген. Мемлекеттің егемендігі бүкіл аумаққа таралатыны атап өтілген. Аумақтық тұтастық пен тәуелсіздік өзгермейтін конституциялық негіз ретінде айқындалған.