1. Ата заңның жаңартылған редакциясы мемлекет пен азаматтар арасындағы қоғамдық келісімнің заманауи нысаны ретінде қарастырылады. Құжатта тараптардың өзара жауапкершілігі бекітіледі. Мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөнінде қосымша міндеттемелерді өзіне алады. Азаматтар Конституция мен ел заңдарын сақтау міндетін растайды. Мұндай тепе-теңдік билік институттарына деген сенімді нығайтады.
2. Жоба мемлекеттік құрылымдардың ашықтығы мен есептілігіне қойылатын талаптарды күшейтеді. Билік органдарының қызметі тек құқықтық алаңда және қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілік тетіктері қарастырылады. Бұл теріс пайдалану мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Қоғамға қызмет ету мәдениеті қалыптасады.
KZ

